Тасаууф (сопылық) және философия
Сұрақ: Тасаууфшылардың философиялық пікірлері, көзқарастары бар ма?
Жауап: Тасаууфшылар философияға мүлдем араласпаған. «Құран кәрімді толық түсіне алу үшін және шынайы мұсылман болу үшін пайғамбарымыздың тек әмірлері мен тыйымдарына ғана емес, сонымен қатар мінезіне (ахлақына) және барлық жағдайларына да бағыну керек» дейтін еді.
Тасаууфшылардың жолдарының негізі мыналар:
1) Фақирлік (мұқтаж құл): Барлық істерінде, барлық нәрседе Аллаһу та’алаға мұқтаж екендігін білу.
2) Зухд және тақуалық: Барлық істе Ислам дініне бағыну. Діннің бүкіл үкімдеріне толығымен бағынуға тырысу, жақсылық жасау және бос уақыттарды ғибадатпен өткізу.
3) Тәфәккур, аз сөйлеу және зікір: Әрдайым Аллаһу та’аланың құдіретін, ниғметтерін ойлау, қажетсіз бір ауыз да сөз сөйлемеу, ешкіммен сөз тартыспау және әрдайым Аллаһу та’аланың есімін зікір ету.
4) Хал және дәреже: Көңілге келген нұрларда көңілдің, рухтың тазалану дәрежесін түсіну, өзін және өз шегін білу.
Ең әйгілі және алғашқы тасаууфшы – Хасан Басри хазреттері. Бұл кісі сондай үлкен дін ғалымы, үлкен имам (мүжтәһид) еді. Өте күшті мінезімен, терең білімімен әйгілі. Уағыздарында бәрінің жүрегіне Аллаһтан қорқу сезімін жайғастыруға тырысқан. Ол арқылы көптеген хадис шәрифтер риуаят етілген үлкен хадис ғалымы болып табылады.
Мутәзила философиясының құрушысы (Уәсил бин Ата) Хасан Басридің шәкірті бола тұра, кейіннен оның дәрісінен айрылды. «Мутәзил» – айрылған деген сөз. Мутәзилаға Қадарийа да делінеді. Себебі, бұлар тағдырды (қадар – тағдыр) жоққа шығарып, «Құл өз істегендерінің жаратушысы. Аллаһ ешқашан жамандық жаратпайды» дейді.
Тасаууфшылардың мақсаты адамды марифети илаһийаға қауыштыру, яғни Аллаһу та’аланың сипаттарын таныту. Оның затын, яғни өзін тану мүмкін емес. Сүйікті пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Аллаһу та’аланың затын ойламаңдар. Оның ниғметтерін ойлаңдар» деді. Яғни Оның өзінің қандай екенін емес, сипаттарын және адамдарға берген ниғметтерін ойлау керек. Бір ретте де «Аллаһу та’аланың қандай екенін ойлаған кездеріңде, ойға не келсе де, бұлардың ешбірі Аллаһ емес» деді.
Адам ақылының сыйымдылығы, кеңістігі шектеулі. Ол шектеудің сыртындағыларды түсіне алмайды. Бұларды ойлайтын болса қателеседі. Адам ақылы, адамның ойы дін білімдеріндегі нәзіктіктерді, хикметтерді түсіне алмайды. Осы себептен, дін білімдеріне философия араластырғандар дініміз көрсеткен дұрыс жолдан айрылады, бидғатшы немесе кәпір болады.
Ислам философиясы деген нәрсе жоқ. Әһли сүннет ғалымдары «Ислам білімдерінің өлшемі – адамның ақылы, адамның ойы емес, мағыналары анық, ашық болған аяти карималар мен хадис шәрифтер» деген.
Тасаууфтың негізі – адамның өз-өзін (әлсіздігін, бейшаралығын) тануы. Тасаууф – тек Аллаһқа деген махаббат, ұлы ғашықтық негізінде құралған. Ал бұған тек Мұхаммед алейһиссаламға бағыну арқылы ғана қауышу мүмкін. Құран кәрімде баяндалғанындай, Аллаһу та’аладан адамның жүрегіне (көңіліне) кейбір нәрселер түседі. Бірақ бұл түскен нәрселер тек Аллаһу та’аланың сипаттарының сәулесі не көленкесі ғана. Бұл сезінулердің ақылмен оймен ешқандай байланысы жоқ. Тасаууфшылар Аллаһу та’аланың бір нәрселер түсіргенін немесе (сипаттарының нұрының) келгенін жүрегінде сезеді. Сондықтан, тасаууфшылар үшін өлім пәлекет емес, жақсы және жағымды нәрсе.
Тасаууфшылардан болған Мәулана Жәлаләддин Руми өлімге Шәб-и арус – Той кеші деген атау берген. Тасаууфта қайғы мен үмітсіздік жоқ. Тек махаббат пен халдер бар. Хазреті Мәулана «Кел, кел, кім болсаң да кел, мүшрик, мәжуси, пұтқа табынушы болсаң да кел! Біздің медресе үмітсіздік медресесі емес. Тәубеңді жүз рет бұзған болсаң да кел» дейді. (Бұл нәрсе «Келсең болды, өзіңді жөндеуің қажет емес» деген сөз емес. «Өзге дінде болсаңда кел, мұсылман бол, күнәхар болсаң да келіп тәубе ет, бұрыңғы жағдайыңа үмітсіз болма, Аллаһу та’ала тәубе етіп, қайтадан істелмеген барлық күнәны кешіреді» деген сөз.) Бұл сөздер басқа адамдарға да қатысты айтылған.
Тасаууфшылар арасында Бахауддин Нақшбанди, Имам Раббани, Жүнәйд Бағдади, Сәйид Абдулқадир Гейлани, Мәулана Жәлаләддин Руми, Сәйид Абдулхаким Аруаси сияқты ұлы әулиелер, Ахмет Яссауи, Сұлтан Уәләд, Юнус Әмре, Мәулана Халид Бағдади сияқты Хақ ғашықтары бар.
Уахдәти вужуд – тасаууфтың мақсаты емес. Мақсатқа апаратын жолда, көңілде пайда болған және ақылға, пікірге, затқа қатысы болмаған білімдер. Бұлар көңілде болмайды, көңілде көрінеді. Сондықтан уахдәти вужуд орнына Уахдәти шухуд деу керек. Көңіл тазаланған кезде айнадай болады. Көңілде көрінген нәрселер Аллаһу та’аланың заты да, сипаттары да емес. Сипаттарының бейнесі. Аллаһу та’ала өзінің көру, есту, білу сияқты сипаттарының бейнесін, көрінісін адамдарға берген. Бергені Оныңкі сияқты емес. Оның көруі ежелден, мәңгі. Әрдайым барлық нәрсені көреді. Себепсіз, құралсыз тұрақты көреді. Адамның көруі мұндай емес. Адамның көруі – көрудің бейнесі, көлеңкесі, көрінісі. Аллаһтың көруінің көлеңкесі көзде, естуінің көлеңкесі құлақта көрініс тапыанындай, жақсы көруі, білуі және басқа көптеген сипаттарының көлеңкелері де адамның көңілінде көрініс табады.
Көздің көре алуы үшін ауру, нашар болмауы керек болғанындай, көңілдің де бұл халге қауыша алуы үшін ауру болмауы керек. Көңілдің ауру болуы – күнәлармен қараюы. Күнәлардан сақтанып, ғибадат етіп, көңілді тазалау керек.