Тәһәжжүд, сәре уақыты және сәре тағамы
Сұрақ: Сәре уақытының маңызы қандай және қалай есептеледі?
Жауап: Сәре уақыты шариғи түннің, яғни күн батуынан имсак уақытына дейінгі уақыт аралығының, соңғы алтыдан бір бөлігі. Бұл уақыт жаз бен қыста көбейіп азаяды. Тәһәжжүд намазының уақыты болса, түннің соңғы үштен бір бөлігі.
Түннің жарымынан кейінгі оқылған тәһәжжүд намазы, күндіз оқылған мың рәкаттан да құнды болады. Музәммил сүресінің екінші аятында «Түннің жарымында түнгі намазды оқы!» делінген. (Ислам ахлақы)
Тәһәжжүд намазын түннің жарымынан кейін оқуға болатыны секілді, түннің соңғы үштен бірінде оқу жақсы болады. Сәре уақытында оқу одан да жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Түннің соңында ояна алмайтынынан қорққан адам, түннің алғашқы уақытында уітірді оқысын! Сосын жатсын! Түннің соңында оянатынына үміт еткен адам, уітірді сол уақытта оқысын! Өйткені, түннің соңында оянғанда рахмет періштелері дайын болады.» (Мүслим)
«Түнде сәре уақытында және намаздардан кейін жасалған дұға қабыл болады.» (Тирмизи)
«Сәре уақытында Аллаһу та'ала: “Истиғфар етіп жатқан адам жоқ па, оны кешірейін. Тілегі барлар жоқ па, сұрағанын берейін, дұғасын қабыл етейін.” деп бұйырады.» (Мүслим)
Сәре уақыты дұға мен истиғфарлардың (кешірім тілеудің) қабыл болатын уақыты. Рамазан айында сәре тамағын жеуге тұрғанда, сәре уақытында тұрылған болады. Бұл уақытта дұға етуді ғанибет деп білу керек. Аллаһу та'ала жақсыларды мақтағанда «Олар сәре уақытында истиғфар етеді.» деген. (Зарият 18)
Яқуб алейһиссалам ұлдарына «Сендер үшін жақында (сәре уақытында) Раббыма истиғфар етемін.» деді (Юсуф 98)
Али Имран сүресінің 17-аятында сабыр еткендер, садықтар (сөзде, істе және ниеттерінде тура болғандар), намаз оқитындар, зекет беретіндер және сәре уақытында истиғфар ететіндер мақталуда. Барлығынан кейін истиғфар ететіндердің айтылуы, адамның барлық ғибадатын кеміс деп біліп, әрқашан истиғфар етіп жүруі үшін.
Өмірді пайдасыз істермен өткізбей, Аллаһу та'аланың разылығына сай нәрселермен өткізу керек. Бес уақыт намазды тадили әрканмен және жамағатпен оқу керек. Тәһәжжүд намазын оқу керек, сәре уақыттарын истиғфарсыз өткізбеу керек, ғафлет (қараңғылық, надандық) ұйқысына шомып кетпеу керек, өлім мен ақыретті ойлау керек, харам болған дүние жұмыстарынан тыйылып, ақырет жұмыстарына ұмтылу керек. Зәру болған дүниелік қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қалған уақытын, ақыретке қол жеткізуге жұмсау керек. (Мәктубат Масумийа)
Сұрақ: Сәресіге тұрмай ораза ұстау күнә ма?
Жауап: Күнә емес, бірақ сәреге тұру үлкен сауап болады. Бір жұтым су үшін болса да, сәреге тұрған жақсы болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Сәре тамағы – мүбәрәк. Сәренің толығы береке. Бір жұтым су үшін болса да сәреге тұрыңдар. Аллаһу та'ала мен періштелері сәреге тұрғандарға салат және сәлем етеді.» (И. Ахмед) (Яғни, Аллаһу та'ала сәреге тұрғандарды кешіреді, періштелер оларға дұға етеді.)
«Сәреге тұрыңдар, сәреде береке бар.» (Бұхари)
«Сәреде тамақ жеп, ораза тұтуларыңа көмекші болыңдар!» (Бәйһақи)
«Сәре тамағына тұру, Аллаһтың сендерге берген берекесі, мұны жіберіп алмаңдар.» (Нәсаи)
«Жегендері халал болу шартымен есепке тартылмайтын үш адам: аузы берік адам, сәре тамағын жеген адам және Аллаһ жолында күзетке тұрған адам.» (Нәсаи)
«Әрине сәре тамағы мүбәрәк.» (Ибн Хиббан)
«Бір жұтым болса да сәре тамағын жеңдер, өйткені онда береке бар.» (Дәйләми)
«Мүминнің сәре тамағының құрмамен болуы не деген жақсы.» (Әбу Дауд)
«Аллаһу та'ала сәреге тұрғандарға рахмет (мейірім) етеді.» (Табарани)