Қабір азабынан құтылу үшін
Сұрақ: Қабір азабынан құтылу үшін не істеу керек?
Жауап: Қабір немесе тозақ азаптарынан құтылу үшін сенімі, итиқады дұрыс болған мұсылман болу және дініміздің әмірлерін орындау, тыйымдарынан сақтану шарт.
Қабір азабы көбіне үстіне зәр шашырататын және мұсылмандар арасында сөз таситын адамда болады. Жұма күні немесе түні қайтыс болғандарға, әр түні «Тәбарәкә...» (және сәжде) сүресін оқып жүретіндерге және өлім жағдайында жатқанда Ихлас сүресін оқыған науқастарға қабір сұрақтары болмайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Намаз оқымайтын адамның қабірі отқа толады. Күндіз-түні оны жағады. Үлкен жылан әр намаз уақытында оны шағып қинайды.» (Қуррат-ул-уюн)
«Тәбарәкә сүресін оқу қабір азабынан қорғайды.» (Ибн Мурдәуәйһ)
«Жұма күні немесе түні қайтыс болған мүминге қабір азабы болмайды.» (Тирмизи, Әбу Нуайм)
«Садақа қабір азабынан қорғайды.» (Бәйһақи)
«Өсекшілік қабір азабына себеп болады.» (Бәйһақи)
«Қабір азабының көбі үстіне зәр шашыратудан болады.» (И.Мажа, Нәсаи, Хаким, Дара Қутни)
«Жұма түні "Фатиха" және 15 рет "Изә зүлзиләт" сүрелерін оқып екі рәкат намаз оқыған адам қабір азабынан сақ болады.» (Дәйләми)
«Фисәбилиллаһ (Аллаһ жолында) қарауыл болып қайтыс болған адам қабір азабын көрмейді.» (И.Ахмед)
«Ражабтың алғашқы жұма түнін ғибадатпен өткізген (құрмет көрсеткен) адам қабір азабынан құтылады.» (С.Әбәдийа)
«Қабір – ахирет қоныстарының алғашқысы. Бұдан құтылған адам үшін қалғандары да оңай болады. Ал құтыла алмағанға қалғандары да өте қиын болады.» (Тирмизи)
«Бір мүминнің қабірін зиярат еткен кезде "Аллаһумма инни әсәлука би хурмати Мухаммад алейһиссалам ән лә туаззибә хазәл мәйит" десе, әлгі мәйіттің азабы қиямет дейін алынады.» (Әтфал-ул муслимин)
Хазреті Әлиден келген бір риуаятта қабір азабынан құтылу үшін мына амалдарды орындауға кеңес берілген:
1) Аят-әл курсиді көп оқу.
2) Жұма күндері екі рәкат намаз оқу. (Қаза намазынан қарызы болған адам нәпіл оқи алмайды. Бірінші рәкатта Фатиха мен Тәбәрака, екінші рәкатта Фатиха мен Ихлас сүрелері оқылады.)
3) Күнде жүз рет Ихлас сүресін оқу. (Зухра-тур-Рияз)