Қажылықта жаза керек ететін жағдайлар
Жаза керек ететін жағдайлар төртке бөлінеді. Бұлар:
1- Бедене (түйе немесе сиыр) союды керек ететін жағдайлар.
2- Дем (қой немесе ешкі) союды керек ететін жағдайлар.
3- Садақа беруді керек ететін жағдайлар. (Пітір мөлшеріндей)
4- Құнын өтеуді керек ететін жағдайлар.
Бедене союды керек ететін жағдайлар:
1- Арафат уақфасынан кейін және зиярат тауафынан бұрын жыныстық қатынаста болу. (Арафатқа тұрмастан бұрын болса, қажылығы бұзылады.)
2- Зиярат тауафын жүніп күйде жасау.
Дем союды қажет ететін жағдайлар:
1- Қудум немесе уәда тауафын жүніп күйде жасау.
2- Бір мүшенің толығына иіс cу жағу.
3- Шашына май жағу немесе қына жағу.
4- Тігілген киімді бір күн толығымен кию.
5- Басын бір нәрсемен жабу.
6- Қырыну.
7- Қолтық немесе беттің қылдарын немесе мойын қылдарын жұлу.
8- Тырнақ алу.
9- Қажылықтың уәжіптерінен біреуін тәрк ету немесе уақытында орындамау.
Пітір мөлшеріндей садақа беруді қажет ететін жағдайлар:
1- Бір мүшенің аз бөлігіне иіс су жағу.
2- Бір күннен аз уақытқа киім кию.
3- Бастың немесе сақалдың төрттен бірінен аз бөлігін қыру.
4- Бір тырнақ алу.
5- Қудум немесе уәда тауафын дәретсіз жасау.
6- Уәда тауафының бір шаутын (айналымын) тәрк ету.
7- Жәмрелерде лақтыратын тастардың бірін кем лақтыру.
8- Басқа біреудің сақалын қыру немесе тырнағын алу.
Пітір мөлшерінен аз садақа қажет ететін жағдайлар:
Бит немесе шегіртке өлтіру.
Құнын өтеуді қажет ететін жағдайлар:
Жеуге болатын жабайы аңдарды өлтіру. Сонымен қатар Харем аймағында жұлу харам болған өсімдіктерді жұлу.