Хадис шәрифтерді түсіну
Сұрақ: “Садәти Әбәдийа” кітабындағы: «Зередей (кішкентай) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да артық.» деген хадис шәрифтегі “ғибадаттар” деген сөзге парыздар да кіре ме?
Жауап: Жиі жиі қайталап айтып жатқанымыздай хадис шәрифтерге, әсіресе үкім білдіретін хадис шәрифтерге әһли сүннет ғұламаларының түсініктемесі болмастан әркімнің өз ақылымен (ой-пікірімен) мағына беруі адасушылық болып табылады. Сондай-ақ ешбір шартсыз білдірілген хадис шәрифтерде міндетті түрде кейбір шарттары болады. Түсініктемені қажет ететін, тікелей алып өз түсінгені бойынша қолданған кезде қателесуге себеп болатын хадис шәрифтерге мысал келтірейік:
Мумин емес:
Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны істеген адам мумин емес» деген секілді сөздер өтеді. Бұлардың кейбіреулері бұл күнәні істеген адам “кәпір болады” деген мағынаны білдірмейді. Кәміл мұсылман еместігін білдіреді. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы төмендегідей:
«Көршісі аш бола тұра тоқ жатқан адам мумин емес.» (Бұхари)
«Көршісі зұлымдығынан сенімді болмаған адам мумин емес.» (Бұхари)
«Өзінің мал-мүлкіне немесе бала-шағасына зиян тигізеді деген қорқынышпен көршісінен күмәнданып есігін жапқан, онымен қарым-қатынасын үзген адам мумин емес.» (Хараити)
«Өзі үшін ұнатқан нәрсені көршісі немесе досы үшін ұнатпаған адам мумин емес.» (Мүслим)
«Фухш (жаман, ұятсыз) сөз сөйлеген адам мумин емес.» (Бұхари)
«Бәлені ниғмет, тыныштықты пәлекет деп білмеген адам мумин емес.» (Табарани)
«Өзі үшін ұнатқан нәрсені, бауыры үшін ұнатпаған адам мумин емес.» (Бұхари)
«Зина еткен, арақ ішкен және ұрлық жасаған адам сол тірлікті істеу кезінде мумин болмайды.» (Бұхари)
«Аманатқа қиянат жасаған адамның иманы жоқ.» (Табарани)
«Мейірімді болмаған адамның иманы болмайды.» (Табарани)
Бізден емес:
Кейбір хадис шәрифтерде «Мынаны істеген адам бізден емес» делінеді. Бұлардың да кейбіреулері “кәпір болады” деген мағынаны білдірмейді. Күнә болатындығын білдіретін мағыналары да бар. Осы мағынадағы хадис шәрифтердің біршамасы:
«Өзгенің әйелін, қызын жолдан тайдырған адам бізден емес.» (И. Ахмед)
«Мұсылманға зиянын тигізген, оны алдайтын адам бізден емес.» (Мүслим)
«Бізді алдаған адам бізден емес.» (Табарани)
«Ілім үйренбеген адам бізден емес.» (Дәйләми)
«Бәле келгенде үсті-басын жыртатын, айқай-шу шығаратын адам бізден емес.» (Бұхари)
«Қолында бар бола тұра отбасының напақасын таршылықта ұстайтын адам бізден емес.