Сұрақ: Құрбандық қалай сойылады? Сойғанда нелерге мән беру керек?

Жауап: Мұны бірнеше бөлім түрінде білдірейік:

1- Алдымен тізе бойындай қылып шұңқыр қазылады. Құрбандық малдың көздері (матамен) байланады. Қыблаға қаратып сол жағымен жатқызады. Мойнын шұңқырдың шетіне келтіреді. Екі алдыңғы аяғымен бір артыңғы аяғын қосып байлайды. Үш рет айт тәкбірлері айтылады. Кейін “Бисмилләһи Аллаһу әкбар” деп түйеден басқа малдардың мойнының кез-келген жерінен бауыздайды. “Бисмилләһи” дегенде “һ” әрібін анық шығару керек. Анық айтқан кезде Аллаһу та’аланың есімі екендігін ойлап тұру керек болмайды. “Һ” әрібі анық шықпаған жағдайда Аллаһу та’аланың есімі екендігін ойлап тұру керек болады. Мұны да ойлап тұрмаған болса мал арам өлген болады.

2- Тек қана “Бисмилләһи” немесе “Бисмилләһиррахманиррахим” немесе “Лә иләһә илләллаһу” деп айту да жаиз. Бірақ абзал болғаны “Бисмилләһи Аллаһу әкбар” деп айту.

3- Бисмилләһті айтқан соң дереу бауыздау шарт болып табылады. Бисмилләһті айтқаннан кейін пышақты қайрайтын болса бисмилләһті қайтадан айту керек болады. Бірақ бір сөз айту, бір жұтым бірнәрсе жеу немесе бір жұтым су ішу секілді аз ғана уақыт өткізудің зияны жоқ.

4- Бисмилләһті айтқаннан кейін қолындағы пышақты тастап басқа бір пышақ алса бисмилләһті қайталап айтуы керек емес.

5- Бір малды ұстап тұрып бисмилләһ айтқаннан кейін оны тастап басқа бір малды соятын болса бисмилләһті қайтадан айтуы керек болады.

6- Бірнеше малды бірінен соң бірін соятын кісі әрбірі үшін бөлек бөлек бисмилләһ айтуы керек болады. Бірақ малдарды бірінің үстіне бірін жатқызып бәрін бір мезетте соятын болса бір рет бисмилләһ айту жеткілікті. Бір малды екі кісі соятын болса екеуінің де бисмилләһ айтуы керек болады.

7- Бисмилләһ айтуды ұмытса зияны болмайды. Әдейілеп бисмилләһсіз сою харам болып табылады.

8- Малдың мойнында өңеш, кеңірдек және екі жағында екі тамыр болады. Бұл төртеуін де бір мезетте кесу керек.

9- Шафии мазһабында болса өңешпен кеңірдектің сойылуы жеткілікті. Бірақ жұтқыншақ бас жағында қалу керек. Жұтқыншақтың барлығы дене жағында қалатын болса сойылған малды жеуге болмайды.

10- Құрбандық соятын адамның қыблаға бұрылып тұруы керек.

11- Еркек және әйел мұсылманның, жүніп адамның, жындының, баланың және мас адамның бисмилләһ айтып сойған малын жеуге болады. Кітапты кәпірдің (Христиан немесе Яһудидің) сойған малын жеуге болады. Бірақ кітапты кәпірге құрбандық шалдыру мәкрух болып табылады.

12- Солақай адамның сол қолымен құрбандық союының зияны жоқ. Таза амалдарды жасағанда оңынан бастау зауаид сүннеті, яғни мүстаһаб болып табылады. Үзір себебімен солдан бастау мәкрух болмайды. Яғни сол қолмен сойылған мал және құрбандықты жеуге болады.

13- Құрбандықты талдырып барып сою жаиз. Басын бір дегенде кесіп сойылған малды да жеуге болады, бірақ бұлай сою күнә болады. Малды желкесінен сою харам болып табылады, бірақ етін жеуге болады.

Сұрақ: Ірі малдан құрбандық сойғанда артқы аяғынан кранмен немесе трактормен іліп қойып союға бола ма?

Жауап: Болады.

Сұрақ: Германияда құрбандықты мұсылман кісі бауыздап, мұсылман емес кісі терісін сыпырады. Бұлай сойылған құрбандықтың етін жеу жаиз ба?

Жауап: Жеуге болады. Хазреті Имам Раббани мұсылман емес адам қолымен бір нәрсені ұстағанда ол нәрсе былғанбайтынын айтқан. Кітапты кәпірлердің де бисмилләһ айтып сойған малын жеудің жаиз екендігі білдірілген, бірақ қажеттілік болмайынша жемеген жақсы болады.

Сұрақ: Малды бауыздағанда өңеш, кеңірдек және екі тамырын кескеннен кейін малдың жаны шықпай тұрып басқа бір адам бисмилләһ айтпай басын кессе, бұлай сою жаиз бола ма?

Жауап: Бұлай сою дұрыс емес, бисмилләһ айтып кессе де дұрыс болмайды. Бірақ етін жеуге болады.

Сұрақ: Құрбандық шалған адамға сойғанының ақысы ретінде етін және терісін беруге бола ма?

Жауап: Құрбанды сойған адамға ақы ретінде құрбандықтың етін және терісін беруге болмайды. Терісінен үйге дорба, мәсі, жайнамаз секілді нәрселер жасап өзі де қолданады. Терісі еті сатылса ақшасын кедейлерге садақа қылып береді.

Сұрақ: Құрбандық малды дәретсіз сою жаиз ба?

Жауап: Сахих болады. Тіпті мәжбүр жағдайда жүніп күйде де сою сахих болады. (Фәтауаи Хиндийа)

 

Малды үрлеу

Сұрақ: Құрбандық малдың терісін сыпыру үшін үрлеуге бола ма?

Жауап: Жаиз, болады.

Малды сойғанда бисмилләһ айту

Сұрақ: Малды сойғанда “Бисмилләһиррахманиррахим” деуге бола ма? Осылай айтып сойған жағдайда етін жеуге бола ма?

Жауап: “Бисмилләһиррахманиррахим” деп  айтылғанда да сойылған малдың етін жеуге болады. Абзал болғаны яғни ең дұрысы “Бисмилләһи Аллаһу әкбар” деп айту. Тек“Бисмилләһи” десе немесе “Аллаһу әкбар” десе де жаиз. Мал сойғанда “Бисмилләһи”немесе “Аллаһу әкбар” деп айту парыз болып табылады. “Бисмиләһиррахманиррахим” деп “бисмилләһті” толығымен айту да жаиз болады. (Ибни Абидин)