Ең құнды нәрселер

Сұрақ: Ең құнды нәрселер нелер? Бұл жөнінде хадис бар ма?

Жауап: Иә, көптеген хадис шәрифтер бар.Алайда, хадис шәрифтермен амал ету біздерге жаиз емес. Қате түсінуге себеп болуы мүмкін. Қажетті діни білімдерді фиқһ кітаптарынан үйрену керек.

Бір амалдың құнды болуы жағдайға, заманға және адамның жағдайына да байланысты. Сондықтан «Ең құнды амал мынау» деп нақты бір амалды айтуға болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам ең құнды амалдарды сұрағандардың жағдайларына және шарттарына қарап білдірген.

Ата-ананың бала алдындағы міндеттері

Сұрақ: Баланың ата-анасында болған ақылары қандай?

ЖАУАП: Біршамасы мыналар:

1) Болашақта бала анасымен жамандалмауы үшін, балаға ана болатын қызды жақсы жерден таңдау керек. Салиха қыз болуына үлкен мән беру керек!

2) Балаға жақсы есім қою керек! Хадис шәрифте: «Балаға жақсы есім қою – перзенттің әкесіндегі ақыларынан» делінген. (Бәйһақи)

Ифтитах тәкбiрiнiң құндылығы

Кiмде-кiм ифтитах тәкбiрiн имаммен бiрге алса, ол адамның күнәлары күздiгүнi ағаш жапырақтары жел соққанда төгiлгендей төгiледi.

Бiр күнi пайғамбарымыз намаз оқып жатқан кезде бiреу таң намазының ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалды. Сол үшiн бiр құлды азат етiп келіп, пайғамбарымыздан: «Йа, Расулаллаһ! Мен бүгiн ифтитах тәкбiрiне үлгере алмай қалдым. Бiр құл азат еттiм. Ифтитах тәкбiрiнiң орнын толтыра алдым ба?» – деп сұрады. Пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкiр Сыддықтан (радиаллаһу анһ): «Сен не дейсiн, бұл ифтитах тәкбiрi жөнiнде?» деп сұрады. Хазреті Әбу Бәкiр (радиаллаһу анһ) былай дедi: «Йа Расулаллаһ! Қырық түйем болса, қырығының да қоржыны гауһар тасқа толы болса, барлығын кедейлерге таратсам да, имаммен бiрге алынған ифтитах тәкбiрiнiң сауабына жетпейді».

Намазда қандай киім кию керек

Сұрақ: Намазда қандай киім кию керек? Үйде пижамамен намаз оқуға болады ма?

Жауап: Намазды жұмыс киімімен, үлкен адамдардың алдына шыға алмайтын киіммен, жаман иісті киім және жаман иісті шұлықпен оқу мәкрух болып табылады. Басқа киімі жоқ болса мәкрух болмайды. Ақшасы бар болса, сатып алуы қажет.

Маңызды адамдардың алдына шығатын адамның әдемі, таза киім киюі керек. Аллаһу та’аланың алдында тұрған кезде де бұған қатты мән беру керек, үлкендердің алдына шыға алмайтын киіммен намаз оқымау керек! Құран кәрімде «Барлық намазды оқитын кезде сәнді (таза, ең жақсы, әдемі) киімдеріңді киіңдер» делінген. (Араф 31)

Жалаң аяқ намаз оқу

Сұрақ: Әйел адамға жалаң аяқ намаз оқуға болады ма?

Жауап: Намаз киімінің етегі ұзын болса, аяқтар көрінбейтін болса ешқандай зияны жоқ. Әйелдердің қолы мен жүзінен басқа барлық жері, білектері, ұзын шаштары және табандары, намаз үшін Ханафиде әурет болып табылады. Қолдарының үстін әурет емес деген ғалымдар да көп. Олардың айтуынша, әйелдердің білектеріне дейінгі қолдарының үсті ашық күйде намаз оқулары жаиз болады. Бірақ, кітаптардың бәріне сай болу үшін әйелдердің қолдарын жабатындай ұзын жеңді намаз киімі немесе кең (үлкен) орамалмен қолдарын жауып оқуы жақсырақ болады. Әйелдердің аяқтары намазда әурет емес деген ғалымдар бар болса да, бұл ғалымдар да намазда жабуы сүннет, ашуы мәкрух деді. (С.Әбәдийа)

Некені жаңарту

Сұрақ: Некені қалай жаңартуға болады?

Жауап: Неке жаңарту дегеніміз – жаңадан неке қию деген сөз. Мұны мешітке имамның алдында жасау қажет емес. Жалғыз бір адамның некені жаңартуы жеткіліксіз. Еркек пен әйелінің екі еркек немесе бір еркек пен екі әйел куәгер жанында неке жаңартулары керек. Оңай болу үшін некені жаңалау үшін жұбайынан өкілдік алу керек.

Некені жаңалау үшін әйелінен өкілдік алғаннан кейін екі еркек куәгердің жанында «Бұрыннан бері некеде болған әйелімді, оның тарапынан өкілі ретінде және өз тарапымнан асыл ретінде оны өзіме некеледім» делінсе, неке жаңаланған болады. Егер алдыңғы неке сахих (дұрыс) болмаған болса, онда осы неке сахих болады. Еркек әйелінен өкілдік алмастан куәгерлердің алдында неке жаңарта алмайды.

Дұрыс жолда болудың өлшемі

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Имам Раббани хазреттері: «Аллаһу та'аланың разылығын алу үшін Оның әмірлерін Ол бұйырғандай орындау керек. Осылай істеген адам Раббына құлшылық жасаған болады. Ал Оның әмірлерін өзі қалағандай орындаған адам өз нәпсіне құл болған болады. Нәпсіне құл болғандар тозаққа, ал Раббына құл болғанда жәннатқа кіреді»деген.