Сұлулық жеткілікті ме?

Франция императоры 3-ші Наполеон өз заманасында дүниенің ең әдемі әйелі саналған Теба графинясы Мария Евгениямен үйленуге шешім қабылдағанын жариялағанында көпшіліктің таңданысымен наразылығын туғызды. Тәжірибелі кісілер бұл шешімінің дұрыс еместігін айтты. Ал Наполеон айтылған сөздерге құлақ аспады және бұл шешімін жүзеге асырды. Екеуі де бірін-бірі қатты жақсы көретін. Екеуі де танымал, әдемі, үлкен байлыққа ие еді. Бірақ, бірнәрсе жетіспейтін. Әйелі өте сұлу болғанымен өте жаман мінезді еді. Евгенияның ханшайым болуы да, махаббаттарының күші де, тақтың құдыреті де бұл отбасының құлдырауының алдын ала алмады. Евгения Наполеон үшін нағыз бас ауруына айналды. Күмәндар ішінде арпалысқан Евгения, Наполеонның ең босамайтын кезінде жанына баратын, ең маңызды кездесулерін үзетін, айқайлап, шу шығаратын. Ойына келгенін істейтін, әпкесінің жанына қашатын, күйеуінен шағымданып жылайтын, соңында Наполеонға қайтып келіп айыптауларын жаудыратын.

Асыра сілтеудің барлық түрі зиянды

(Ифрат және тәфрит)

Сұрақ: Орта жолда болу дегеніміз не?

Жауап: Ифрат пен тәфриттің екеуі де жаман. Хақ болғаны орта жол. Қазақ тілінде ифрат пен тәфриттің дәл мағынасын беретін сөз жоқ. Анықтамалармен, мысалдармен түсіндіруге болады. Тым асыра сілтеушілік деуге болады. Тәфрит – ифраттың терісі. Ифрат – шамадан көп, шектен асыру, ал тәфрит – шамадан аз, тым азайту деген сөз.

Әр пенде өз таңдаған жолының жемісіне қауышады

Адамдардың бүкіл істерін, қалап немесе қаламай жасаған барлық іс-әрекеттерін Аллаһу та'ала жаратуда. Құлдарының қалап жасаған әрекеттерін, істерін жарату үшін құлдарына таңдау еркіндігін берген. Бұл таңдау мен қалауларын олардың істерін жаратуға себепші қылған. Құлдарының қалаған істерін, олардың сол істерді таңдап, қалағандары себепті жаратуда. 

Адам ақылын қолданып Жаратқанын таниды, Оған иман етеді, әмірлерін орындап тыйымдарынан сақтанады, таңдау еркіндігін осы тәсілмен қолданса Аллаһу та'аланың құлы болады және жұмаққа кіреді. 

Дауыс шығарып «әмин» деу

Сұрақ: Мен бір мешіттің имамымын. Жамағаттан бір кісі «Имам, Қағба сияқты қасиетті жерде әминді дауыстап айтса да, тіпті бұл жөнінде хадис бар болса да, неліктен Қазақстанда әмин іштен айтылады» деп сұрады. Мен «Ханафи мазһабында дауыстап айту мәкрух болады. Уаххабилердің ерекше әрекеттері бізге өлшем бола алмайды» дедім. Әминнің дауыстап айтылу керектігіне қатысты хадис шәриф бар ма?

Жауап: Мазһаб және Мазһабсыздық бөлімінде біздердің хадистерден үкім шығара алмайтынымызды дәлелдермен білдірдік. Кутуби ситтаның бесеуінде де бар болған «Отқа жылыған нәрсені ішіп-жеу дәретті бұзады» хадис шәрифін нақыл етіп, отқа жылыған нәрселердің дәретті бұзбайтындығын білдірген едік.

Нәжіс болатын және болмайтын нәрселер

Сұрақ: Кір нәжіс пе? Нәжіс тиген киімдерді қанша рет жуу керек?

Жауап: Нәжіс тимеген киімдер кірден тазалану мақсатында жуылады. Кір нәжіс емес. Бір рет жууға да болады немесе мүлдем жуылмаса да нәжіс емес.

Нәжіс тиген киімдерді жууда белгілі мөлшері жоқ. Бір рет жуғанда кететін болса жеткілікті. Нәжіс кетірілгеннен соң түсі мен иісі қалса да, зияны болмайды. Міндетті түрде ыстық сумен немесе сабын және арнайы кір жуғыштар қосылған сумен жуу қажет емес.

Әйелдердің намазы

Сұрақ: Әйелдердің намазының ерлердің намазынан айырмашылықтары, яғни өзгеше тұстары, әрекеттері қандай?

Жауап: Олар мыналар:

1) Әйелдер намазды қолдарын еркектер сияқты құлаққа апармай, кеуде тұсына әкеліп, саусақтарының ұшын иық деңгейіне дейiн көтерiп бастайды. Оң қолының саусақтарымен сол қолының білегін байлап ұстамайды. Оң қолын сол қолының үстіне, көкірегінің үстіне қояды.

Теңізшінің нәзірі

Сәйидат Нәфиса хазреттерінің дәуірінде Мысырда, төрт қызынан басқа ешкімі жоқ кәрі бір әйел өмір сүреді. Олар жіп иірумен күнелтетін. Әр жұма күні әйел иірген жіптерін базарға шығарып, жиырма дирхемге сататын. Он дирхеміне жіп жасауға қажетті мақта, қалған он дирхеміне азық-түлік сатып алатын. Сол алған нәрселерін келесі жұмаға дейін үнемдеп жеткізетін. Бір жұма күні, қарт әйел бір апта бойы иірген жібін бір қызыл матаға орап, базарға қарай жолға шығады.