Сұрақ: Ең құнды нәрселер нелер? Бұл жөнінде хадис бар ма?

Жауап: Иә, көптеген хадис шәрифтер бар.Алайда, хадис шәрифтермен амал ету біздерге жаиз емес. Қате түсінуге себеп болуы мүмкін. Қажетті діни білімдерді фиқһ кітаптарынан үйрену керек.

Бір амалдың құнды болуы жағдайға, заманға және адамның жағдайына да байланысты. Сондықтан «Ең құнды амал мынау» деп нақты бір амалды айтуға болмайды. Пайғамбарымыз алейһиссалам ең құнды амалдарды сұрағандардың жағдайларына және шарттарына қарап білдірген. Мысалы, азық-түлік, тағамдар мол болған, бірақ су болмаған жерде шөлден қиналған адамға бір кесе су беру, көп нан беруден құнды болады. Жабайы жануарлардың немесе дұшпандардың шабуылына немесе қауіпті ауруға шалдыққан адамның өлімнен құтылуына себеп болу, оған жасалатын басқа жақсылықтардан сауаптырақ, құндырақ болады. Құнды амалдардың кейбірлері хадис шәрифтерде былай білдірілген:

«Ең құнды амал – иман. Ең құнды иман – Аллаһты естен шығармау.» (Табарани)

«Ең құнды амал – біреуді Аллаһ үшін жақсы көру, Аллаһ үшін жек көру.» (И.Ахмед)

«Намаздан кейінгі ең құнды амал – ата-анаға жақсылық жасау.»(Мүслим)

«Намаздан кейінгі ең құнды амал – зекет.» (Табарани)

«Ең құнды амал – зікір. Ал ең құнды зікір – лә илаһә иллаллаһ деп айту.» (Табарани)

«Ең құнды амал – Аллаһқа жақсы ойда болу.» (Бәғауи)

«Ең құнды амал – халал табыс.» (Ибн Лал)

«Ең құнды амал – сәлемдесуді жаю.» (Бәриқа)

«Ең құнды амал – Құран оқу.» (Ибн Қани)

«Ең құнды амал – қиыншылыққа сабыр ету.» (Тирмизи)

«Ең құнды амал – жақсы ниетті болу.» (Хаким)

«Ең құнды амал – нәпіске қиын болғаны.» (И.Ғазали)

«Ең құнды амал – бәрі ұйықтап жатқанда түңгі намаз оқу.»(Ж.Жолы)

«Ең құнды амал – уақытылы оқылған намаз.» (Әбу Дауд)

«Ең құнды амал – бір мүминнің айыбын жасыру, қарнын тойдыру немесе бір қажеттілігін кетіру арқылы оны қуанту.»(Исфәхани)

«Ең құнды амал – сені іздемегенді іздеу, сені мақрұм қалдырғанға беру, саған жаман мәміле көрсеткен адамға кешірімді мәміле көрсету.» (И.Ахмед)

«Ең құнды амал – аш болған кедейді тойдыру, қарызын өтеу немесе бір қиыншылығын шешіп беру.» (Табарани)

«Ең құнды мүмин – Аллаһты көп еске алған мүмин.» (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – кедей деп мән берілмейтін адам.» (Дәйләми)

«Ең құнды мүмин – оны көрген кезде Аллаһ еске түсетін кісі.»(Хаким)

«Ең құнды мүмин – жоқ кезінде оны ешкім іздемейтін, сұрамайтын, бар кезінде құрмет көрсетілмейтін адам.» (Әбу Нуайм)

«Ең құнды мүмин – діні үшін туған жерін тастаған жат елдік адам.» (Ибн Мажа)

«Ең құнды мүмин – аз жеп, денесі әлсіз, арық болған адам.»(Дәйләми)

«Ең құнды мүмин – бала-шағасына пайдалы болған адам.»(Табарани)

«Ең құнды мүмин – айналасындағылардан бәрінің оның қолынан, тілінен саламатта, сақ болған адам.» (Мүслим)

«Ең құнды мүмин – өмірі ұзақ, амалдары жақсы болған кісі.»(Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – жұбайына ең жақсы, ең мейірімді қарым-қатынас жасаған адам.» (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – жақсылық күтілетін, жамандығы тиметініне сенімді болған адам.» (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – қанағат ететіні, ал ең жаманы – ашкөзді болған адам.» (Қудаи)

«Ең құнды мүмин – онымен оңай тіл табысып кететін адам.»(Бәйһақи)

«Ең құнды мүмин – Құранды үйренген және үйрететін адам.»(Бұхари)

«Ең құнды мүмин – қарызын ең жақсы түрде өтейтін адам.»(Нәсаи)

«Ең құнды мүмин – мінезі ең жақсы болған адам.» (Бұхари)

«Ең құнды мүмин – ас беретін адам.» (Хаким)

«Ең құнды мүмин – сирек ашуланып, тез басылатын адам. Ал ең жаманы – тез ашуланып, қиын басылатын адам.» (Тирмизи)

«Ең құнды мүмин – дүниесі үшін ахиретін, ахиреті үшін дүниесін тәрк етпейтін адам.» (Хатиб)

«Ең құнды мүмин – сабырлы, жомарт және қамқор болған адам.»(Дәйләми)

«Ең құнды мүмин – ең ақылды болған адам.» (И.Ғазали)

«Ең құнды мүмин – малымен, жанымен Аллаһ жолында жиһад еткен адам.» (Бұхари)

«Ең құнды мүмин – хикметті сөзді үйреніп, басқаларға үйрететін адам.» (Ибн Асакир)

«Ең құнды садақа – ілім үйреніп, басқасына да үйрету.» (Ибн Мажа)

«Ең құнды садақа – су беру.» (Нәсаи)

«Ең құнды садақа – аш болған жандыны тойдыру.» (Бәйһақи)

«Ең құнды садақа – екі кісіні жарастыру.» (Табарани)

«Ең құнды садақа – тілін тию.» (Дәйләми)

«Ең құнды садақа – жасырын берілгені.» (Табарани)

«Ең құнды садақа – өзін жақтырмайтын жақынына берілгені.»(Табарани)

«Ең құнды садақа – Аллаһ разылығы үшін досына қызмет ету.»(Адий бин Хатем)

«Ең құнды садақа – өз қажеттілігінен артылғанын беру.» (Бұхари)

«Ең құнды садақа – Рамазан айында берілгені.» (Тирмизи)

«Ең құнды жиһад – Аллаһ жолында нәпіске қарсы жасалғаны.»(Әбу Дауд)

«Ең құнды жиһад – парыздарды орындау.» (И.Ахмед)

«Ең құнды жиһад – малымен, жанымен мүшриктерге қарсы күресу.» (Нәсаи)

«Ең құнды табыс – өз еңбегімен табылғаны.» (Ахмед)

«Ең құнды сүре – Фатиха.» (Хаким)

«Ең құнды намаз – парыздардан кейін тұратын, тәһәжжүд намазы.» (Мүслим)

«Ең құнды намаз – Жұма күні жамағатпен оқылған таң намазы.»(Бәйһақи)

«Ең құнды тәсбих – "Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уәлә илаһә иллаллаһу уаллаһу әкбар".» (Мүслим)

«Ең құнды ғибадат – фиқһ үйрену.» (Табарани, Әбушшәйһ)

«Ең құнды ғибадат – дұға.» (Хаким)

«Ең құнды дұға – Арапа күні жасалғаны.» (Бәйһақи)

«Ең құнды дұға – кешірім және афиет тілеу.» (Тирмизи)

«Ең құнды уақыт – түннің екінші жартысы.» (Табарани)

«Ең құнды есім – Абдуллаһ және Абдуррахман.» (Мүслим)

«Ең құнды сөз – дұрыс болған сөз.» (Бұхари)

«Ең құнды жерлер – мешіттер. Ал ең жаман жерлер – базарлар.»(Табарани)

«Ең құнды ораза – Дауд алейһиссаламның оразасы. Ол бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамайтын еді.» (Мүслим)

«Ең құнды иман – тағдырға разы болу.» (Әбу Нуайм)

«Ең құнды мінез – ешкім зиян көрмесін деп үндемей тұру.» (Ибн Мүбәрәк)

«Ең құнды ас – айналасында көп қол созылған тамақ.»(Табарани)

«Ең құнды сөз – "Субханаллаһи уә бихамдиһи" деу.» (Мүслим)

«Ең құнды үй – ішінде жетімге сый-сияпат көрсетілетін үй.»(Бәйһақи)

«Ең құнды қазына – салиха әйел.» (Хаким)

«Ең құнды іс – уасат (орта жолда) болғаны.» (Бәйһақи)

«Ең құнды дос – Аллаһты еске алғанда жәрдем беретін, ұмытқанда саған еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Ең құнды дос – сөздері ілімдеріңді арттыратын, ал амалы ахиретті еске түсіретін адам.» (Хаким)

«Ең құнды әйел – намысын қорғаған, көзі сыртта болмаған әйел.» (Дәйләми)

«Ең құнды әйел – өзін күйеуіне жақсы көргізген, онымен жақсы қарым-қатынас жасаған және тіл табысқан әйел. Ал ең жаманы – ашық-шашық киінетін, тәкәппарланатын әйел.» (Бәйһақи)

Жеті категория адам

Сұрақ: Қияметте Аллаһ қамқорлығына алатын жеті категориядағы адамдар кімдер?

Жауап: Бір хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Аллаһу та’аладан басқа ешкім қамқорлық жасай алмайтын қиямет күні Аллаһу та’ала мына жеті категориядағы адамдарға қамқорлық жасайды:

1) Әділ басқарушы.

2) Аллаһқа ғибадатпен жеткен жас адам.

3) Намаз үшін көңілі мешітке байланған адам.

4) Досын Аллаһ разылығы үшін жақсы көретін адам.

5) Сұлу, бай және абыройлы әйел қасына шақырғанда Аллаһтан қорқып бармаған адам.

6) Садақасынжасырын (риясыз) берген адам.

7) Жалғыз кезде Аллаһты еске алып жылаған адам.» (Бұхари)