Әдептілік – Ұяттылық – Ар тазалығы

Сұрақ: Әдептің дініміздегі орны кандай?

Жауап: Әдеп – жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылық, нәзіктік, сыпайылықдеген сияқты мағыналарға келеді. Мысалы тәрбиелі бала, әдепті бала дегенді білдіреді. Хадис шәрифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің  негізі әдеп. Әдеп - құл өзін Аллаһу та’аланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте «Араларыңдағы ең жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген.

Хазреті Омар «Әдеп – ілімнен бұрын келеді» деген. Ол өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан Расулуллаһтың жанында өте ақырын сөйлейтін еді. Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри  хазреттері «Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының ұятынан да көп еді» дейтін.

Көп күлу

Сұрақ: Көп күлудің зияны бар ма?

Жауап: Күлімдеу, жылы жүзді болу өте жақсы. Қарқылдап күлу мәкрух. Бірнеше хадис шәрифтің мағынасы:

«Егер Жаннат пен Жаһаннамды көргендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Мүслим)

«Егер менің білгендерімді білгендеріңде, аз күліп көп жылайтын едіңдер.» (Бұхари)

«Көп күлу жүректі өлтіреді және мүминнің қадірін түсіреді.»(Тирмизи)

Қарттарға құрмет

Сұрақ: Кітаптарда хазреті Әлидің бір қарияға құрмет көрсетіп алдына өтпестен (озбастан), артынан жүргені білдіріледі. Адамға тек қана жасына қарай құрмет көрсету керек па?

Жауап: Имам Ағзам хазреттері имам Әбу Юсуфқа: “Ғалымдарды құрметте! Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет-мейірімділік көрсет!»деген. Әсіресе мұсылман қарттарға құрмет көрсету керек. Жақсы-жаман деп ажыратпай, барлығына бірдей жақсылық жасау керек. Мысалы, қоғамдық көліктерге жас, кәрі, ауру, сау, әйел, еркек, бай, кедей, ғалым, надан сияқты әр түрлі топтың адамдары мінеді. Әлсіздерге көмектесу керек, автобусқа мінерде де, түсерде де көмектесіп, оларға орын беру керек. Қарттарға, мұқтаждарға көместесу керек.

Осы тұрғыдағы хадис шәрифтерде былай делінген:

Тәкаппарлықтың белгілері

Сұрақ: Бір адамның тәкаппар екендігін қай белгілеріне қарап білуге болады?

Жауап: Алдымен тәкаппарлыққа жататын іс-әрекеттерге бірнеше мысал келтірейік:

1- Сұрақ сұрамау тәкаппарлықтың белгісі. Тәкаппар адам сұрақ сұрауды білмегендіктің белгісі деп ойлайды. “Егер сұрақ сұрасам, білмейтіндігім белгілі болып қалады” - дейді.

2- Тек өзінен ғана сұрағанды, басқалардан сұрамағанды қалау, білетін-білмейтін барлық сұрақтарға да жауап беруге тырысу, білмеймін деп айта алмау.

3- Жол, адрес сұраудан тартыну. Жол және сұрақ сұрамау – айыпталу, кінәлану қорқуынан туындайды.

4- Бастығынан рұқсат сұраудан тартыну.

Тамақтану әдебі

Сұрақ: Тамақтану әдебі жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Тармақтарға бөліп білдірейік:

Тамақты бастар алдында ниет ету:

Тамақты бастар алдында Аллаһу та’алаға ғибадат ету, Аллаһу та’аланың құлдарына пайдалы болу, Аллаһу та’аланың дінін, мәңгілік бақыт және тыныштық жолын барлық адамдарға тарату үшін күш-қуат 

Сүндетке отырудың дініміздегі орны

Сұрақ: Кейбіреулер «Сүндетке отыру бидғат болады, дінде орны жоқ» деп жатады. Сонда 1400 жылдан бері ғалымдар, әулиелер, мүжтаһидтер және бүкіл мұсылмандар, бәрі бидғат істегені ме?

Жауап: Кім екені және кімге қызмет етіп жүргені ешкімге белгісіз болған бір топ адамдар барлық нәрсеге бидғат деп жүр. Құтты дін жаңадан келгендей, діннің пайғамбары жоқ сияқты, әр мүмкіндікте дініміз бен Расулуллаһтың мұрагерлері болған Ислам ғалымдарын сынға алуға тырысады. Бұлардың бәрі қияметтің белгісі. Өйткені хадис шәрифте:«Қиямет жақындағанда жаңа пайда болғандар бұрыңғы ғалымдарды надандықпен айыптайды.» - делінген. (Ибн Асакир)

Бірге тамақтану

Сұрақ: Тамақты бірге жеген кезде ауру жұғуы мүмкін екендігі айтылады. Осыған байланысты тамақты бала-шағамен бір ыдыспен жемей, бөлек ыдыспен жеу керек пе?

Жауап: Тамақ жеу – ғибадат емес, әдет. Барлық мубахтарда болғаны секілді тамақ жеген кезде де өзі тұрып жатқан елдің әдет-ғұрпына бағынудың, бөлек ыдыстан жеудің зияны жоқ.

Жұқпалы ауруы бар адамның басқа адамдарға араласып, бірге жүріп-тұруы дұрыс емес.  Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу үшін дініміз карантинге аса мән берген. Дініміз жұқпалы ауру бар жерге бармауды және ол жердегілердің басқа жақтарға шығып кетпеуін әмір етуде. 

Жұқпалы ауру бар жерден адамдардың сыртқа шығуларына тыйым салынуының екі түрлі себебі бар: