Хабаршы келмеді ме?

Сұрақ: Ұзақ өмір сүруді қалаудың діндегі орны қандай?

Жауап: Сүйікті пайғамбарымыз үш шыбық алды. Бірін алдына, бірін жанына қадады. Ал үшіншісін алысқа лақтырды. Содан соң «Бұл шыбық – адам, жанындағысы – ажалы, ал ұзақтағысы – жоспарымен амалы. Адам амалдарының артынан жүгіреді, бірақ ажалы оны ұстап алады, ойлаған амалына жете алмайды» деді.

Өлім қорқынышты нәрсе болса да, адамдардың өлімнен бейхабар сияқты өмір сүруі, өлімді аз ойлағандығынан туындайды. Тіпті дүниелік ләззаттарымен әуре болған жүрекпен өлімді ойлаудың әсері аз болады немесе мүлдем болмайды. Қорқынышты болған өлімнің оңай өтуі үшін өлімді ойдан мүлдем шығармау керек. Бұл үшін, өз достарының арасындағы өзінен бұрын өліп, бала-шағасын, мал-мүлкін, достарын қалдырып, топырақ астына жерленгендерді ойлау керек. Мансап иесі болғандардың абыройларының қалмағандығын, оларды топырақ қалай шірітетіндігін ойлау керек. Тірі кезінде не істейтін, қалай сөйлейтін еді. Әлі істейтін көп тірлігі бар еді. Өлімді ұмытып өмір сүріп жүрген еді. Біреулер байлығымен, біреулер атағымен, біреулер жастығымен мақтанып жүрген еді. Өлім бұларды күтпеген жерден, кенеттен ұстады. Ал қазір бәрі ұмытылып кетті, қиял болды.

Көңіл айту

Сұрақ: Мұсылман қайтыс болған кезде не істеу керек?

Жауап: Туыстарына көңіл айту керек, яғни сабыр етуін айту керек және жаназаға байланысты қызметтерге жәрдемдесуге асығу керек. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мұсылманның мұсылманда бес ақысы бар: Сәлеміне жауап беру, ауырған кезде көңіл сұрап бару, жаназасына бару, қонаққа шақырған кезде бару, түшкіріп “әлхамдулиллаһ” деген кезінде “йәрхамукаллаһ” деу.» (Мүслим)

Сөз тасудың зияндары

Сұрақ: Сөз тасудың дініміздегі орны қандай?

Жауап: Екі кісінің арасында тек шындықты айтып сөз жеткізу де сөз тасушылыққа жатады. Егер сөзге өтірік араласатын болса, жала жабуға айналады. Сөз тасушылық дінімізде күнә. Ахиретте жазасы ауыр болуымен қатар, дүниеде де адамдардың араздасуына себеп болады. Сондықтан ел арасында «Тас тасысаңда сөз тасыма» делінеді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Көре алмаушы, сөз тасушы және палшы болған адам менен емес.» (Табарани)

«Ең жамандарың – сөз таситын, достарының қарым-қатынасын бұзатын және айып іздеп жүретін адам.» (Табарани)

Қонақтың міндеттері

Сұрақ: Қонақ, үй иесінің алдында өзін қалай ұстау керек?

Жауап: Қонақтың мән беруі керек болған әдептердің кейбірлері мыналар:

1) Шақырылған жерге кешігіп те, ерте де бармау керек. Барарда біраз тамақтанып бару сүннет болып табылады. Тек тамақ жеу үшін ғана емес, үй иесін разы қылу үшін барғаны белгілі болу керек!

2) Қонақтың жан-жағына қарамауы керек, үй иесін ыңғайсыз жағдайға түсірмеу керек. Үй иесінің рұқсатынсыз басқа қонаққа тағам ұсынып, сияпат көрсетпеу керек! Үй иесі көрсеткен жерге отыру керек, рұқсатсыз нәпіл ораза ұстамау керек және намазда үй иесі ұсынбаса имамдыққа өтпеу керек! Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қонақ үйдің төрінде отырмасын!» (Мүслим)

«Қонақ үй иесінің рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстамасын және көрсетілген жерге отырсын! Өйткені үйдің иесі өз үйінің әдетін жақсырақ біледі.» (Ибн Асакир)

Сыншылдық ауруы

Сұрақ: Тез ашуланамын, ата-анамды, үйдегі үлкендерді ренжітемін. Қателіктеріне шыдай алмай, бірден сынға саламын. Кейіннен бұған өкінемін. Осы жаман мінезімнен арылу үшін не істеуім керек?

Жауап: Ислам ғалымдары ашуланудың кібірден, өз-өзін ұнатудан пайда болатынын білдірген.

Сынау, негізінде «Мұны мен білемін, сен білмейсің, саған ескертіп жатырмын, бұл қате жолыңнан қайт» деген сөз. Мұны ешкімге айтуға болмайды, әсіресе ата-ана сияқты үлкендерге мүлдем айтуға болмайды. Білім тәкәппар адамның тәкәппарлығын, қарапайым адамдардың қарапайымдылығын арттырады. Білімімен тәкәппарлану – үлкен пәлекет. Хадис шәрифте «Білімді адамның пәлекеті – өзін басқалардан жоғары санауы» делінген. Сондықтан, ақылды адам мен жақсырақ білемін деп өзін пәлекетке тастамайды.

Көшеде жүру әдебі

Сұрақ: Дінімізде көшеде жүру әдебі де білдірілген бе?

Жауап: Дінімізде кемшілік жоқ. Жүру, отыру, тұру, жату, сөйлеу әдебі сияқты адамға пайдалы немесе зиянды болған әр нәрсе ең нәзік егжей-тегжейлілігіне дейін білдірілген. Басқа діндерде мұндай нәрселер жоқ. Жүру әдебіне қатысты Құран кәрімде былай делінген:

«Тәкаппарланып жүрме!» (Лоқман 18)

«(Тым ақырын емес, жүгіріп те емес) орташа жылдамдықпен жүр!»(Лоқман 19)

«Рахман болған Аллаһу та’аланың (салих) құлдары жер бетінде салмақты және қарапайым болып жүреді.» (Фурқан 63)

«Жер бетінде тәкаппарланып жүрме, өйткені сен кібірленетіндей жерді қопара алмайсың және таудай биік емессің.» (Исра 37)

Ұйықтау әдебі

Сұрақ: Ұйықтау әдебіне не жатады?

Жауап: Бір күніміздің орта есеппен үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ғафлетпен өтпеуі үшін ұйқыны да қадірлендіру керек. Мүминнің әрбір әрекеті парасатты болу керек. Ғафлетпен жатып, ғафлетпен тұрмау керек!

Қалай болса солай төсекке жатып ұйықтау дұрыс емес.

1) Төсекке дәрет алып жату керек! Хадис шәрифте былай делінген:

«Дәретті болып жатқан адамның рухы Аршқа көтеріледі және түстері дұрыс болады. Дәретсіз ұйықтаған адамның рухы көтерілмейді, көрген түстері аралас болады, дұрыс шықпайды.»(И.Ғазали)