Дәрет алу намаздың парыздарының бiрi. Құран Кәрiмдi ұстау, Қағбаны тәуап ету, тiләуат сәждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дәрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дәретпен жүру, жатарда дәрет алып жату, тамақтанғанда дәреттi болу үлкен сауап болады.
Ғибадат мақсатымен орындалған әрбiр тазалық денсаулығымыз үшiн орасан зор пайда келтіреді. Тәндiк пайдамен бiрге рухани пайдасы да бар. Солардың ішінен кейбіреулерін көрсете кетсек:
1. Күнделікті өмiрiмiзде қолымызбен қаншама микроптарды ұстаймыз.
Ханафи мазһабында тiстiң арасына және тiс шұнқұрларына су тимесе ғұсыл дұрыс алынбаған болып есептеледі. Сондықтан тiсiнде коронкасы немесе пломбасы болғандардың ғұсылы өтпейді, яғни адам жүнiптiктен құтыла алмайды. Алтын, күмiс және нәжіс болмаған басқа заттардан жасалған қаптама және пломбалардың астына су кірмейінше Ханафи ғалымдарының барлығының үкімі бойынша ғұсыл жаиз болмайды.
Тахтавидiң «Мәрақил-фалаһ» кiтабының 96–шы бетiнде және де мұның аудармасы «Ниматул-Ислам» кiтабында былай деп жазылған: «Ханафи мазһабындағы адам өзiнiң мазһабы бойынша iстей алмаған бiр амалды iстеу үшiн Шафии мазһабын тақлид ете алады, яғни сол мазһабтың үкімдерінен пайдалана алады». «Бахр-ур-раиқ» және «Нахр-ул-фаиқ» кітаптарында да солай жазылған. Бiрақ, бұл амалды орындау кезінде сол мазһабтың шарттарын да орындауы керек. Осындай бір қиындық туындамай тұрып және шарттарын орындамай басқа мазһабқа елiктеуге рұқсат жоқ!
Намаздың дұрыс болуы үшiн дәреттiң де, ғұсылдың да дұрыс алынуы керек. Жүнiптiк, жыныстық қатынас және ихтилам арқылы болады. Жүнiп болған әйел және еркек, хайыз немесе нифастан босаған әйелдерге намаз уақытының соңында сол намазды оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады.
Пайғамбарымыз хадис шәрифте былай деген: «Ғұсыл алу үшін орнынан тұрған адамға денесіндегі түк санынша (яғни өте көп) сауап берiледi. Сонша күнәсi де кешiрiледi. Жәннаттағы дәрежесi жоғарылайды. Ғұсылы үшiн оған берiлетiн сауаб, дүниедегi барлық нәрседен де артық болады. Аллаһу та’ала перiштелерге бұл құлыма қарандар! Түнде менiң әмiрiмдi ойлап, ерінбей жүнiптіктен ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, бұл құлымның күнәларын кешiремiн дейдi».
Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Сүбха намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу сүбха намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және сүбха намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі сүбха намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады.
Төсекке жатарда оң алақанды оң бетке қойып оң жанымен, бетті құбылаға қаратып ұйықтау сүннет болып табылады. Жатарда төсекке дәретті болып жату және жатарда оқылатын дұғаларды оқып жату керек.
Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:
Төсегіңе дәретпен, Әузу Бисмилләһ айтып жат! Оң жағыңмен, құбылаға қарап жат! Оң алақаныңды оң жақ жағыңның астына қой! “Әузу Бисмилләһ” пен бір Аят-әл-күрсиді оқы! Сосын Бисмилләһпен үш Ихлас, бір Фатиха, сосын бір реттен Фалақ және Нас сүрелерін оқы!
Сұрақ: Ұйықтау әдебіне не жатады?
Жауап: Бір күніміздің орта есеппен үштен бір бөлігі ұйқыда өтеді. Ғафлетпен өтпеуі үшін ұйқыны да қадірлендіру керек. Мүминнің әрбір әрекеті парасатты болу керек. Ғафлетпен жатып, ғафлетпен тұрмау керек!
Қалай болса солай төсекке жатып ұйықтау дұрыс емес.
1) Төсекке дәрет алып жату керек! Хадис шәрифте былай делінген:
«Дәретті болып жатқан адамның рухы Аршқа көтеріледі және түстері дұрыс болады. Дәретсіз ұйықтаған адамның рухы көтерілмейді, көрген түстері аралас болады, дұрыс шықпайды.»(И.Ғазали)