Сұрақ: Жақында ғана мұсылмандықты қабылдаған бір шетелдік досым бар. Оған ең алдымен нені үйретуім керек?
Жауап: Ең алдымен иманды, яғни Аллаһу та'аланы, Оның сипаттарын, Расулуллаһ алейһиссалам Аллаһу та’аланың пайғамбары екендігін...
Пайғамбарымыз «Мүддәссир» сүресінің түсуімен адамдарды Ислам дініне дағуат ете (шақыра) бастаған еді. Бұл шақыру ісін жасырын түрде жүргізді. Біраз уақыттан соң «Жақын туыстарыңды Аллаһу та’аланың азабымен қорқытып, оларды хақ дінге шақыр» («Шуара»сүресі, 214) деген мағынадағы аят түсті. Сондықтан Мұхаммед алейһиссалам туыстарын дінге шақыру мақсатымен хазіреті Әли арқылы хабар салып, барлығын Әбу Тәліптің үйіне шақырды. Алдарына бір адамға жететіндей тамак және сүт қойды. Алдымен өзі “бисмилләһ” деп бастап, келген туыстарына ұсынды. Келгендердің саны қырық адам болатын. Алайда, қойылған тамақ бәріне жетті және азаймады. Келгендер бұл мұғжизаға таңырқап, қайран қалды. Тамақтан кейін пайғамбарымыз туыстарын Исламға шақыру үшін сөзін бастағалы тұрғанда көкесі Әбу Ләхәб дұшпандық етіп: «Біз сиқырдың мұндай түрін көрмеген едік. Ей Құрайш тайпасы, мына туыстарың бәріміздің аузымызды ашып сиқыр көрсетіп жатыр.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Меккеде күндіз-түні адамдарға ашық түрде дағуат жасап, насихат айтып, оларды Ислам дініне шақырып жүрген еді. Меккелік мүшриктер Пайғамбарымыздың бұл әрекеттерін текке шығаруға күш салатын. Оның айтқандарын қабылдап, иман келтіргендерге әр түрлі жалалар жауып, азаптар мен қорлықтар көрсететін еді. Пайғамбарымызбен кездескен, сөйлескен адамды көрсе дереу ол адамның қасына барып, Расулуллаһты тыңдамауы үшін, Оның айтқандарына сенбеуі үшін әр түрлі өтіріктер айтып, айла-амалдар қолданатын. Сырттан Меккеге келгендерді Пайғамбарымызбен кездестірмеу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасайтын.
Жыл сайын Арабстанның әртүрлі аймақтарынан адамдар белгілі бір күндерде Қағбаны зиярат ету үшін Меккеге келетін. Бұл күндерде Меккеде бірқатар жәрмеңкелер ұйымдастырылатын. Пайғамбарымыз келгендерді күтіп алып, оларға Исламды түсіндіріп, Аллаһу та’аланың бір, өзінің хақ пайғамбар екенін және құтылу жолының Исламда екенін айтып түсіндіретін. Бір күні Уәлид бин Муғира мүшриктерді жинап, «Ей, Құрайш қауымы! Тағы да Қағбаны зиярат ету маусымы келді. Мұхаммедтің дауысы әлемге жайылды. Араб тайпалары жанына барып, оның тәтті сөздеріне еріп, дініне кіреді. Бұған бір шара ойластыру керек. Бәріміз әуелі келісіп алайық, ол туралы әрқайсысымыз әр түрлі нәрсе айтып, сөзіміз келіспей, өтірігіміз жария болып жүрмесін» деді. Құрайштықтар: «Ей, Абдишәмстің әкесі! Ішіміздегі көрегеніміз сенсің. Сен не айтайық десең біз соны айтамыз» деді. Уәлид: «Жоқ, сендер айтыңдар. Мен тыңдайын» дегенде олар: «Оны көріпкел дейік» деді.
Пайғамбарымыз сахабаларына дініміздің бұйрықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, үйретті. Иманның, Исламның шарттары, намаз, ораза, қажылық, зекетке қатысты барлық үкімдер, аяти кәримәлардың тәфсирлері, халал және харамдар, ант, нәзір, кәффараттар, сауда-сатыққа қатысты ілімдер, жеп-ішу, киіну, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, көршілік, туыстық және достық қатынастар, үйлену, напақа, мұрагерлік үкімдері, даулар, жазалар, келісім шарттар және серіктестіктер, денсаулық, дұшпанмен соғысу, соғыс құқығы сияқты барлық мәселелерді барлық адам түсінетіндей етіп түсіндіріп, маңызды мәселелерді үш рет қайталайтын. Әйелдерге қатысты мәселелерді әйелдері арқылы үйрететін.
Мұсылмандардың имамы, ұлы сахаба, шыншылдығымен танылған Омар бин Хаттаб (радиаллаһу анһ) былай дейді: