Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың бір-бірін қызғануының зияны бар ма?

Жауап: Кейбір орталарда қызғануды айып сияқты, артта қалғандық сияқты көрсетуге тырысады. Қызғану, яғни намысты қорғау үшін белгілі шекара ішінде қызғаныш таныту дініміздің әмірі.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Намыс мәселелсінде Аллаһу та’аладан асатын қызғанатын жан жоқ және Ол осы себептен фухшқа (арсыздық, ұятсыздық) тыйым салған.» (Бұхари)

«Намысты қорғау қайраттылығы иманнан, ал әйел-еркек аралас бірге сауықтануы екі жүзділіктен.» (Дәйләми)

Намысын қызғанбайтын адамға дәййус делінеді. Дәййустер үшін хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала жәннатты жаратқан кезде “Сараң саған кіре алмайды, дәййус сенің иісіңді де сезе алмайды” деді.» (Дәйләми)

«Ішкілік ішкен, ата-анасына қарсы шыққан адамға және дәййуске жәннатқа кіру харам.» (И.Ахмед)

Бұл үлкен күнәларды істеген адамның бір түйірдей болса да иманы бар болса, күнәларының жазасын тартқаннан кейін жәннатқа кіреді. Бірақ күнәлар адамды күпірге жетелегендіктен, бұл күнәларды істеп жүру үлкен пәлекетке жол ашады. Зияннан қалай қашсақ та олжа. Бір сәтке ертерек тәубе етіп, күнәлардан бас тарту керек. Тәубе еткен адам мүлдем күнә істемеген сияқты болады. Әйелдің матасын қызғануы да қалыпты нәрсе. Бірақ қызғанышты жария қылып, белгілі шекараны асып кетпеу керек. «Аллаһу та’ала қызғаншақтықты әйелдерге және жиһадты еркектерге жүктеді. Әйелдерден кімде-кім, бұл әмірге иман келтіріп сабыр етсе, шәһид болған мүжәһид сияқты сауап алады» хадис шәрифінде де әйелдердің сабырлық танытуына ишарат көрсетілген. Әйел әрі қызғанады, әрі бұған төзеді. Міне осы үлкен пида етушілік еркектердің жиһады сияқты қабылданған.

 

Сұрақ: Ғайур (қызғаншақ) болу мен хасед етудің арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап: Екеуіне де елімізде "қызғану" деп айтылса да негізі бөлек-бөлек нәрселер. Хасед – көре алмау, қызғану деген сөз. Яғни Аллаһу та’аланың біреуге берген ниғметінің одан кетуін қалау деген сөз. Одан кетуін қаламастан, тек өзіне де болуын қалау хасед болмайды. Бұған әуестену, қызығу делінеді. Осылай әуестену – жақсы мінезге жатады. Ислам дінінің үкімдеріне, яғни парыздарды орындауға және харамдардан сақтануға мән беретін салих адамға әуестену уәжіп болып табылады. Дүниелік ниғметтер үшін әуестену тәнзиһән мәкрух болады. Біреудегі жаман, зиянды нәрсенің кетуін қалау қайраттылық болады. Қайраттылық танытқан адамға ғайур делінеді. Қайраттылық – бір адамда болған өз ақысына, оның басқа біреуді ортақ қылуды қаламауы деген сөз. Бізде намысын, жұбайын қызғану дегенде осы мінез түсініледі. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Мүмин қызғанады. Ал Аллаһу та’ала одан да қатты қызғанады.» (Мүслим)

«Намысты қорғауға деген қайраттылық иманнан.» (Дәйләми)

Аллаһу та’аланың қайраттылық танытуы – пендесінің жаман амалдар істеуіне разы болмауы. Адамның Аллаһу та’алаға қайраттылық танытуы – харамның істелуін қаламау арқылы жүзеге асады.

Юсуф алейһиссаламның «Сұлтанның жанында менің есімімді айт!» деуі Аллаһу та’аланың қайраттылығына тиіп, жылдар бойы абақтыда қалуына себеп болды. Ибрахим алейһиссаламның, баласы Исмаилдың дүниеге келуіне қуануы да Аллаһу та’аланың қайраттылығына тиіп, оны құрбандыққа шалуы әмір етілді. Аллаһу та’ала қатты жақсы көрген сүйіктілеріне, кейбір әулиелерге осылай қайраттылық танытуы көп жерде орын алған.