Сұрақ: Қабірде қандай сұрақтар қойылады, жауаптары қандай?

Жауап: Қабірдегі сұрақтарға жауап беру үшін мыналарды үйрену керек:

Раббың кім? – Аллаһу та’ала.

Дінің не? – Ислам діні.

Қай пайғамбардың үмметіненсің? – Мұхаммед алейһиссаламның.

Кітабың не? – Құран кәрім.

Құбылаң қай жақта? – Қағба-и муаззама.

Итиқадта (сенімде) мазһабың қандай? - Әһли сүннет уәл жамағат.

Амалда мазһабың қандай? – Төрт мазһабтың қайбірін ұстанса, соны, мысалы Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мазһабтарының бірін айтады.

Одан бөлек төмендегі негіздерді де білу қажет:

Кімнің нәсіліненсің? – Адам алейһиссаламның.

Кімнің ұлтынансың? – Ибрахим алейһиссаламның.

Иман деген не? Әмәнту-дің негіздері қандай? – Иман дегеніміз – Мұхаммед алеййһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан келтірген әмір мен тыйымдарға сену және сенгенін тілмен айту деген сөз.

Иман – Әмәнту-де білдірілген алты негізге сену және Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген әмір мен тыйымдардың барлығын толығымен қабылдау, әрі ұнату.

Әмәнту дегеніміз:

Әмәнту биллаһи уә мәләикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил әхири уә бил қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл бә’су бә’дәл мәути хаққун. Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу.

(Яғни Аллаһқа, періштелеріне, жіберген кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлгеннен кейін тірілуге сенемін. Аллаһтан басқа илаһ (тәңір) жоқ екеніне және Мұхаммед алейһиссалам Аллаһтың құлы, әрі соңғы пайғамбары екеніне куәлік етемін.)

Исламның шарттары қандай? – Мыналар:

1) Кәлимаи шахадат келтіру.

«Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әнна Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ» деп айту. Мағынасы мынадай:

«Мен куәлік етемін (яғни көргендей білемін және білдіремін), Аллаһтан басқа илаһ (тәңір) жоқ. Тағы куәлік етемін, Мұхаммед алейһиссалам Оның құлы және расулы.)

Расулуллаһқа сену дегеніміз – Оның келтіргендерінің барлығын толығымен қабылдау, сену және барлығын ұнату деген сөз.

2) Намаз оқу.

3) Зекет беру.

4) Ораза тұту.

5) Қажылыққа бару.

Аллаһу та’аланың сипаттары қандай? – Мынадай:

Аллаһу та’аланың заттық сипаттары алты:

1) Вужуд.

2) Қыдем.

3) Бәка

4) Уахданийат.

5) Мухаләфәтун лил хауадис.

6) Қиям би нафсиһи.

Аллаһу та’аланың субути сипаттары сегіз:

1) Хаят.

2) Илм.

3) Сәм.

4) Басар.

5) Ирада.

6) Құдірет.

7) Кәлам.

8) Тәкуин.