Сұрақ: Бекет атаға сену Аллаһу та’алаға серік қосу болып табыла ма?

Жауап: Әуелі серік қосудың, ширктің не екенін біліп алайық. Мұсылмандар Аллаһу тааланы бүкіл субути және зати сипаттарымен танып, "илаһ" ретінде қабылдайды. "Илаһ" - құдай деген сөз. "Аллаһтан басқа құдай жоқ" деп әр намазда қайталаймыз және бұл мәселеде иманы ең әлсіз болған мұсылманның да күмәні жоқ.

Ал енді "ширк" немесе "серік қосу" дегені - Аллаһтың жұмыстарында оған көмектесетін, Оның орнына тілектерді беріп жіберетін, Оның орнына қалағанын жаратып бар не жоқ қылатын басқа бір тірі-өлі, жанды-жансыз затты да ҚҰДАЙ орнына шығару деген сөз. Мысалыға бір мұсылман егер қабірдің басында (немесе бір байдан бір нәрсе сұрағанда) дұға етіп жатып, сол қабірде жатқан кісінің  (немесе байдың) Аллаһты араластырмай өзі тілектерді қабылдайды (көмектесіп жіберуіне сенсе) деп сенсе, ширк келтірген болады. Жоқ егер, қабірде жатқан кісі Аллаһтың сүйікті құлы болғандықтан "Ей Аллаһым, қабірдегі кісінің құрметіне бере гөр" - деп дұға етсе және сол қабірдегі кісінің Аллаһтың сүйікті құлы екендігіне, оның атымен Аллаһтан сұралғанда тілектердің тез қабыл болатынына сенсе, бұл ешқандай серік қосу болмайды. 

"Бекет атаға сену" дегенде екінші мағынада айтып тұрған болсаңыз, дұрыс. Онсызда бірінші мағынада айтатын тентекті Қазақстаннан табу мүмкін емес. Осы мәселені ажырата алмайтын уаххабилер бүкіл әлемді кәпірге шығаруға тырысады. Көрінген нәрсенің бәрін өз ақымақ бастарымен өлшеп көріп "ширк", "серік қосу" деп диагноз қойып жібереді. Осының арқасында өздері кәпір және мүшрик болады да хабарлары болмайды. Сол себепті иманын сақтауға тырысатын әр бір мұсылман әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында көрсеткен жолымен жүруі қажет.