Үйде жануар асырау

Сұрақ: Ит пен мысық асырау күнә ма? Көршіміз мысық асырайды. Үйіне барған кезімізде біздің қыздарымыз және жұбайым қорқады. Мысық асханадағы азық-түлікке және суға тиюі мүмкін. Мысық жүрген жерде намаз оқуға болады ма? Қызым әпкесіне көмектесіп жатқанда мысықты көріп қалса, қорққанынан қолындағы табақты түсіріп алады. Көпқабатты үйлерде ит пен мысық асыраған дұрыс па?

Жауап: Қажеттілікке қарай ит асырау жаиз. Мысалы полицияда, аңшылықта, мал бағуда, қарауылдықта ит асырауға болады. Бірақ итті үйдің ішіне кіргізуге болмайды. Аулада итке арналған бір жерде немесе үйшігінде болу керек. Ит бар болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.

Жатарда оқылатын дұғалар

Төсекке жатарда оң алақанды оң бетке қойып оң жанымен, бетті құбылаға қаратып ұйықтау сүннет болып табылады. Жатарда төсекке дәретті болып жату және жатарда оқылатын дұғаларды оқып жату керек.

Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:

Төсегіңе дәретпен, Әузу Бисмилләһ айтып жат! Оң жағыңмен, құбылаға қарап жат! Оң алақаныңды оң жақ жағыңның астына қой! “Әузу Бисмилләһ” пен бір Аят-әл-күрсиді оқы! Сосын Бисмилләһпен үш Ихлас, бір Фатиха, сосын бір реттен Фалақ және Нас сүрелерін оқы!

Әууәбин намазы

Сұрақ: Әууәбин намазы деген қандай намаз, қалай оқылады?

Жауап: Ақшам намазынан кейін оқылатын нәпіл намазға «Әууәбин намазы» делінеді, бұл намазды оқу мүстаһаб. Алты рәкат етіп оқылады.

Барлығын бір сәлеммен немесе екі рәкатта бір сәлеммен оқуға болады. Екеуінде де алғашқы екі рәкаты ақшам намазының сүннеті орнына саналады. Бұл намазды сүннеттен кейін бөлек оқуға да болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

Тахийатул мәсжид намазы

Мешітке кіргеннен кейін, отырмас бұрын мешіттің иесіне, яғни Аллаһу та'алаға тағзым және құрмет ретінде оқылатын екі рәкат намаз «тахийатул мәсжид» намазы деп аталады.

Мешітке кірген адамның тахийатул мәсжид ретінде екі рәкат намаз оқуы ғалымдардың ауызбірлігімен сүннет деп қабылданған. Мешітте дауыстап Құран кәрім оқылып жатқан болса тахийатул мәсжид намазы оқылмайды. (Хамәуи)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

Әсемдік кремі

Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды:

- Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз?

- Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине.

Диктор жас әйелге барып:

Фатиха сүресінің қасиеті

Сұрақ: Фатиха сүресінің мағынасы және қасиеті қандай?

Жауап: «Уммул Құран» деп те аталатын Фатихаи шәрифтің мағынасы мынадай:

«Рахман және Рахим болған Аллаһу та’аланың қасиетті есімін оқып бастаймын. Мақтау және мадақтаулардың ең үстемі, бүкіл әлемдерді жаратқан (тәртіппен, жүйемен бір-біріне байлаған) Аллаһу та’алаға тән. Аллаһу та’ала, дүние мен ахыретте құлдарына аса мейірім етуші. Қиямет күнінің иесі және басқарушысы тек қана Ол. Біз тек саған ғана ғибадат етеміз, (Сенен басқа ғибадат етуге лайықты еш нәрсе жоқ) және тек сенен ғана жәрдем сұраймызБізді (сенімімізде, әрекеттерімізде, сөздерімізде және әдебімізде, артық және кем арасындағы орта жол болған) дұрыс жолда жүргіз! (Осы жолда бізді тұрақты қыл!) Бізді (мейірім және ихсаныңмен) нығмет бергендеріңнің(әнбийалардың, әулиелердің және сыддықтардың) жолына сала гөр.(Хақты қабыл етпей) сенің ашуыңа ұшырағандардың, адасқандардың жолына түсірме! (Амин)»