Сұрақ: Шәһид деп кімдерді айтамыз? Террорист өлтірсе, жер сілкінісінен өлсе, қазіргі уақыттағы болып жататын әскери дайындықтарда байқаусызда өлтірілсе шәһид болып санала ма?

Жауап: Дін кітаптарында шәһид болудың көп түрлері білдірілген. Бірнешеуі мыналар:

1- Әһли сүннет сенімін таратуға тырысқандар шәһид болады. (Мәктубати Раббани)

2- Дінін үйренуге және үйретуге барар жолда өлген адам шәһид болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Дінін үйрену, үйрету және тарату жолында өлген адам шәһид болады.» (Ибн Асакир)

«Әмри маруф (діннің әмірлерін, жақсылықтарды үгіттеп) және нәхии мункәр (күнәлардан, жамандықтардан тыйылуды насихаттау) кезінде өлген адам шәһид болады.» (Ибн Асакир)

«Тәрк етілген бір сүннетімді жандандырған адамға жүз шәһид сауабы бар.» (Хаким)

«Фитнә заманында сүннетімді ұстанғанға жүз шәһид сауабы бар.» (Хаким)

3- Намазды “тадили әрканмен” оқуды таратқандар шәһид болады. (Мәктубати Раббани)

Намазын дұрыс оқыған адам шәһид болып жан тапсырады. Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Бес уақыт намазын дұрыс оқыған адамға әрбір күні үшін мың шәһид сауабы беріледі.» (Тәрғиби Хадими)

5- Биіктен құлау, қираған нәрсенің астында қалу, жыртқыш жануарға талану секілді себептермен өлген мұсылман да шәһид болады. (Рәддул мухтар) Олай болса табиғи апаттар кесірінен және зұлымдыққа ұшырап қайтыс болған мұсылман шәһид болады.

6- Дәретпен өлген адам шәһид болады. Бір хадис шәрифте былай делінеді:

«Дәретпен өлген мұсылман шәһид болады» (Дәйләми)

7- Аллаһу та’аланың жолында шәһид болып өлуді қалаған адам да шәһид болады. Екі хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та’аладан ықыласпен шәһид болуды тілеген адам төсегінде өлсе де шәһид болады.» (Муслим)

«Шәһидтердің көбі төсекте өледі. Соғыстағылардың ниетін тек Аллаһу та’ала біледі.» (И Ахмед)

Халық арасында соғыста өлген барлық адамдарға шәһид, тірі қайтқандарға ғази делінсе де шынайы шәһидпен шынайы ғазиді тек Аллаһу та’ала біледі. Иманы бар адам ғана шәһид және ғази болады. Басқалардікі көріністе ғана сондай. Ғазилік және шәһидтік өте үлкен мәртебе. Құран кәримде былай делінеді:

«Иман келтіріп Аллаһ жолында хижрат еткендер, жиһад еткендер және бұларға қамқор болып, көмек бергендер, міне шынайы мұсылман осылар.»

Мұсылман әйелдің жаннатқа кіруі, шәһид болуы оңай. Әйел салих күйеуіне мойынсұнса жиһад сауабына қауышады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылады:

«Мұсылман әйел бес уақыт  намазын оқыса, Рамазанда оразасын тұтса, күйеуіне мойынсұнса, намысын қорғаса жаннатқа қалаған есігінен кіреді.» (Ибн Хиббан)

«Екіқабат кезінде, босанарда немесе босанғаннан кейін өлген әйел шәһид болады.» (Табарани)

 «Мұсылман әйел екі қабат кезінен босанғанға дейін және баласын емшектен шығарғанға дейін Аллаһ жолындағы мүжаһидтер секілді болады, өлсе шәһид сауабы беріледі.» (Табарани)