Сұрақ: Құрбандық шалудың маңыздылығы қандай?

Жауап: “Құрбандық нисабы” деп аталатын мөлшерден көп ақшасы, мал-мүлкі болған адамның құрбандық шалуы уәжіп болады. Ешқандай үзірсіз құрбандық шалмау күнә болады. Құрбандық шалуы уәжіп бола тұрып құрбандық соймаған адамдардың үйі, иелеріне ыңылдап бет дұға етеді, “құрбандық соймағаның секілді Хақ та’ала саған жақсылық жасауды нәсіп етпесін!” дейді. Бұл үй осы жылы бәлелерге душар болады. Ал құрбандық сойған адамдардың үйі разы болады, иелеріне игі дұға етеді. Сондықтан құрбандық шалуды бір ниғмет деп білу керек! Құрбандық шалған мұсылман өзін жаһаннамнан азат еткен болады.

Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Сараңдардың ең жаманы (мойнына уәжіп болса да) құрбандық шалмаған адам.» (С. Әбәдийа)

«Жағдайы, уақыты бола тұрып құрбандық шалмған адам намаз оқыған жерімізге келмесін!» (Хаким)

«Құрбандық малының терісінің әр бір қылына және бөлшегіне бір сауаб бар.» (Хаким)

«Құрбандық малдарың семіз болсын. Олар сырат көпірінде сендерге көлік болады.» (Зад-ул муқуин)

«Құрбандық малдың әрбір қылының мөлшеріндей сендерге сауаб бар. Қанының әрбір тамшысы үшін сыйапат бар. Ол сендердің мизан тараздарыңа қойылады. Сендерге сүйінші болсын!» (Ибн Мажә)

«Құрбандарыңды шын көңілмен сойыңдар! Өйткені құрбанын қыблаға қаратып сойып, оның қаны, мүйізі, жүні, барлық жері қияметте өзінің мизанына (таразына) сауаб болып қонбайтын мұсылман болмайды.» (Дәйләми)

«Сауабын күтіп құрбандық сойған адам жаһаннамнан қорғалады.» (Табарани)

«Құрбан айтта жасалатын амалдардан Аллаһу та’аланың алдында құрбандық союдан асқан қадірлі іс жоқ. Қаны жерге түспей тұрып Аллаһу та’ала оны қорғайды. Осылай нәпсілеріңді тазалаңдар, құрбандықты қуана қуана сойыңдар.» (Тирмизи)

«Құрбандықтың ең қайырлысы мүйізі бар қошқар.» (Ибн Мажә)

«Ей Фатима, құрбандық малыңның жанына бар! Сойғанда сол жерде бол! Құрбаныңның жерге ағатын бірінші қан тамшысымен өткен күнәларың кешіріледі.» (И. Хиббан)

«Сойылған құрбан қияметте етімен, қанымен 70 есе үлкейіп мизан таразына қойылады.» (Исфахани)